Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 73-маусымының жабылуы қарсаңында көрермендерге тағы бір жаңа қойылым ұсынды. Қойылым премьерасы екі күн қатарынан — 13 және 14 маусым аралығында болды. Премьера алдында көрермендерге арнап шағын көрініс қойылды.

«Адам-зат» аталатын туынды адам ақылы артық бола тұра не себепті жануардан төмен іс жасайтынын, олардың бір-бірінен артықшылығын іздейді.

Қойылым авторы — Мария Ладо, аударған — Құжырғали Төлеуішов, қоюшы режиссеры — Данияр Базарқұлов, қоюшы суретші — Тамри Охикян (Грузия).