Айгүл Иманбаеваның театры «Акриса» драмасына шақырады

"А.И. театры" алматылықтар мен қала қонақтарын 24 наурызда қойылатын "Актриса" драмасына шақырады.

Айгүл Иманбаева
А.И. театры. Фото: Youtube.com

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаеваның театры жазушы, драматург Дулат Исабековтің «Актриса» пьесасының желісімен қойылған «Актриса» драмасын ұсынады.

Бұл туралы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.

«Өнер адамының өмірі сырт көзге қызық, «жарқылдағымен» жанарды, жүректі тартады. Ал «Актрисаның» күлімдеп жасырған мұңына, ішкі жан күйзелісі мен қайғысына кім үңіліпті? Әр өнер адамында болатын «айдың арғы бетін» өзіңіз үшін ашамын десеңіз, «Актрисаға» келіңіз», — деп жазды Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, басты ролдерде Айгүл Иманбаеваның өзі ойнайды. Драманың қоюшы режиссері — Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Басталуы: 19.00

Мекенжайы: Абылайхан даңғылы, 38.