Ақбота Керімбекова билікке келсе, не істейтінін айтты

Ақбота Керімбекова бүгінгі эстрадаға көңілі толмайтынын, қолында билік болса, қандай өзгерістер әкелетінін жеткізді. 

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: Juldizdar.kz

«Билікке барсам, 1-2 күннен кейін мені өлтіріп кететін шығар. Өйткені шындықты жақсы көретін адаммын. Шындықпен жүретін адаммын. Сол үшін шығар, өмірімде небір сынақтар болып жатқаны. Біреу дұрыс түсінеді, біреу бұрыс түсінеді. Қалай бар, солай өмір сүретін адаммын. Билікке бару менің мақсатымда болған емес. Бірақ шақырып жатса, тазалар едім», — дейді Керімбекова.

Ол істі Авгейдің атқорасынан бастайтынын да аңғартты.

«Кезінде мен 20-30 шақты әншінің басын қосып, осыны қолған алғанбыз. Біздің қазақта бір кемшілік — бірігу деген жоқ. Екінің бірі — әнші, екінінің бірі сахнада. Еріккеннің бәрі әнші болып кетті. Не айтып жатырмын деген түйсік жоқ. Әйтеуір сахнада жылтыңдап жүргендер өте көп. Айтсаң, біреу көре алмайды деп ойлайды. Өздері не айтатындарын білмеген соң жастарды көре алмайды дейді. Қазақтың өнері бұзылмаса, жастар әрі қарай дамытса деген ниетім. Мен үшін қазіргі сахнада тоқырау болып жатыр. Бұйырса ол да бір орнына келеді деген ойдамын», — деп сенім білдірді әнші.

Дереккөз: Hit-TV арнасы