Баян Алагөзова профессор атанды

Баян Алагөзова менеджмнт профессоры атанды. Мұндай атақты оған “Сән әлемі” дизайн және технология институты беріп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде өзіне келген хатты жариялады. Онда:

“Құрметті, Баян Мақсатқызы. Ғалымдар кеңесінің ұйғарымымен республикалық “Сән әлемі” дизайн және технология институты сізге менеджмент профессоры атағын беруді ұйғарды. Дипломды рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін жіберіп отырмыз. Құрметпен, институттың бас директоры Мұрат Мыңбаев”, – деп жазылған.

Танымал продюсер өзінің профессор атанғанын қуана жеткізді.

 

Источник: Stan.kz