Данэлия Төлешованың The World’s best байқауындағы өнері қай күні эфирге шығаны белгілі болды

Данэлия Төлешова
Фото ашық дереккөзден

The World’s best дүниежүзілік дарындар шоуының қазылар алқасының мүшесі Гаухар Нұртас қазақстандық әншінің өнер көрсеткенінен эпизод эфирге қашан шығатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Бұл туралы Гаухар Нұртас Instagram желісінде мәлімдеп, қысқа видеоролик жариялады.

Данэлия Төлешова 13 ақпанда кешке өнер көрсетеді. Оны қазақстандықтар 14 ақпанның таңында көре алады.

Айта кетсек, бұған дейін байқауда әйгілі әнші Димаш Құдайберген өнер көрсеткен еді. Ол өзінің ерекше даусы әрі дарынымен қазылар алқасы мен көрермендерді қайран қалдырып, 98 ұпай жинады.