Данэлия Төлешова The World’s Best шоуының финалына өте алмады

Қазақстандық әнші үндістандық Лидиан Надхасварамға есе жіберді. Ол жеңімпаз атанып, миллион доллар ұтып алды.

Данэлия Төлешова
Фото ашық дереккөзден

Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World’s Best шоуынан өз еркімен шығып кеткен еді. Әнші шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш бұл шоуда балалармен cайысқа түскісі келмейтінін, жолын соларға бергісі келетінін жеткізді.

The World’s Вest – CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды. Олардың қатарында Қазақстан атынан жалғыз сарапшы Гауһар Нұртас бар.