Димаш Құдайберген The World’s Best шоуынан өз еркімен кетті

Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұрады.

Димаш Құдайберген
Фото ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген америкалық The World’s Best шоуынан кетті.

Әнші шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш бұл шоуда балалармен cайысқа түскісі келмейтінін, жолын соларға бергісі келетінін жеткізді.

«Маған (судьялардың) кішкене ренжігенін байқадым. Дегенмен ағa-апаларымыз менің дұрыс жасағанымды әйтеуір түсінетініне кәміл сенемін», — деді Димаш Құдайберген.

The World’s Вest – CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды. Олардың қатарында Қазақстан атынан жалғыз сарапшы Гауһар Нұртас бар.