Нұр-Сұлтан тұрғындары сайлау учаскесін қалай анықтайды?

Тұрғындар iKomek байланыс орталығына хабарласып, қай учаскеге барып дауыс беретінін біле алады. Ол үшін 109 нөміріне тегін қоңырау шалып, операторға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) айтуы қажет. Қызметкер сайлау учаскеңіздің мекенжайын анықтап береді.

Бұдан бөлек, елордалықтар сайлау учаскесінің мекенжайын алты қызмет арқылы біле алады:

  • Astаnа.gov сайтынан;
  • Smart geo hub геопорталынан;
  • Smart Astana мобайл қосымшасынан;
  • Telegram-бот көмегімен;
  • Whatsapp-мессенджер арқылы +7 747 109 0109 нөмірінен;
  • iKomek 109 қызметінің Instagram парақшасына direct-ке хат жолдау арқылы.

Барлық қызмет бойынша ЖСН-ді жазу немесе хабарлау керек.

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын қалай біле алады?

Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Sailau_Almaty2019 Telegram-боты арқылы біле алады.

Sailau_Almaty2019 Telegram-боты алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сонымен бірге сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді. Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына Sailau_Almaty2019 атауын жазып, қосылу керек және “старт” командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуал көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына +7 727 224 22 22 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес алуға болады (сағат 08.00 – 23.00, демалыссыз).

Сонымен бірге Алматы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды. Оның көмегімен ЖСН енгізу арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.

Ал аймақ тұрғындары сайлау учаскесін жергілікті биліктің ресми сайтынан анықтай алады.