Ержан Максим мен Микелла Абрамованың әні жарық көрді

Қазақстандық Ержан Максим мен әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова "Эта любовь" әнін шығарды. Әнге бейнебаян да түсіріліп қойды.

Ержан Максим, Микелла Абрамова
Ержан Максим және Микелла Абрамова. Фото: Мария Ремизова/ Кp.ru

Бұл туралы Микелла Абрамова Instagram-да жазды.

«Алақай! Ержан Максиммен “Эта любовь” әніне жазылған дуэтіміз ақыры жарық көрді», – деп жазды ол.

Бұл әнді Микелла мен Ержан 2019 жылдың мамырында Қырымда өткен “Детская новая волна” байқауында орындаған болатын.

Еске салайық, «Первый канал» телеарнасындағы «Голос. Дети» жобасының 6-маусымының қорытындысы үлкен жанжалға айналған еді. Тележобаның финалында әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі көпшіліктің наразылығын туғызды.

Кейін телеарна «Голос. Дети» жобасының 6-маусымы финалының нәтижесін жойды. Тексерудің аралық нәтижесінде дауыс беру кезінде сыртқы әсердің болғаны расталды.

24 маусымда «Голос. Дети» шоуының арнайы шығарылымы болды. «Первый канал» телеарнасының бас директоры Константин Эрнст 6-маусымның барлық финалисін  шоудың жеңімпазы деп атады.