Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» байқауының келесі кезеңіне өтті

11 жастағы Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" байқауына қатысып, қазылар алқасын тәнті етті.

Ержан Максим
Ержан Максим. Фото: Бірінші арна

Орал тұрғыны байқауда Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін орындады.

Қазылар алқасы (Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе) алғашқы минуттарда-ақ оның өнерін мойындап, ереже бойынша креслоларын бұрды.

Ержан Максим жетекші ретінде Валерий Меладзені таңдады.

«Ал, қымбатты менің инстадостарым, ақырында, кімнің командасына өткенімді білдіңіздер. Алдымызда көпт жұмыс бар, сондықтан «жекпе-жек» кезеңінде бағымды сынайтын боламын»,— деп жазды Ержан Instagram-дағы жеке парақшасында.