Ернар Айдар жанды дауыста ән айтып көрмегенін мойындады

Ернар Айдар сахнада жүргеніне 6 жылдан асса да, осы уақытқа дейін жанды дауыста ән айтып көрмегенін мойындады.

Ернар Айдар
Ернар Айдар. Фото: Sputniknews.kz

Әнші 9 наурыз күні үлкен концерт беріп, тұңғыш рет жанды дауыста кеш өткізгенін мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін дайын болмадым. Мен о баста әншілікке дайындалып жүрмін деп айтқанмын. Әр адам өзінің шамасына қарап жұмыс істейді. «Күшіңе көңілің сенбесе, көтерме көптің салмағын» дейтін керемет сөз бар ғой. Сондықтан қайсыған күшің жететінін адам өзі білуі керек қой. «Көш жүре келе түзеледі» дейді. Алдын фонограммамен бердік. Ол кезде халықпен жұмыс істеуді үйрендік», — дейді Ернар Айдар.

Ернар бұдан кейін барлық кешінің лайф форматта өтетінін айтты.

«Өнер жолында жайдан-жай жүре бермеші, Ернар» деген сұрақтар көп қойылды. Өзіме де бір нәрсені қайталай беру, қызық болмай кетті, шыны керек. Біреулер айтып жатады: «Ернар анау, Ернар мынау» деп. Ол кемшіліктің барлығы түзеледі. Бірақ уақытпен. Мәскеу бірден құрыла салған жоқ қой», — дейді Ернар.

Дереккөз: «НТК» арнасы, «Ревю» бағдарламасы»