Жазира Жанболатпен қалай танысқанын айтып берді

Жазира Байырбекова осыдан 25 жыл бұрын болған оқиғаны есіне алып, жары Жанболатпен қалай танысқанын баяндап берді.

Жанболат, Жазира Байырбекова
Фото: Kznews.kz

«1994 жыл еді. 1-курс студентімін. Жасым 16-да. Жатақxанада тұрамыз. Біздің бөлмеде бір жігіт қайта-қайта есік қағып келіп, «тұра тұрсыншы» кілтін беріп кетеді. 10-15 минуттан кейін қайта алып кетеді. Әйтеуір сылтау тауып келе берді. Мен «осы жігіт біреуіңе ғашық» деп күліп қоямын.

Бөлмеге менен жасы үлкен қыздардың дос жігіттері қонаққа келіп отыр еді. Әлгі жігіт есікті қағып мені шақырып «сен кішкентай қызсың, саған жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Мен далаға шығып серуендеуге бара жатырмын. Жүр одан да қонақтар кеткенше таза ауада жүр» деп далаға серуендеп келдік.

Тағы бір күні сабақтан шығып аялдамада тұрсам, әлгі жігіт те аялдамада бола қалады. Күнде солай. Бір күні автобус ішінде жаныма келді. Абай даңғылында орналасқан неке сарайының алдынан өтіп бара жатып «екеуміз кейін осында келеміз» деді.

Оның маған сөз айтқанының басы солай болды. Ғашық екенін сонда ғана түсініппін ғой. Сол жігіттің жанында жүргеніме … жыл болыпты. Есімі — Жанболат!» — деп баяндады Жазира Байырбекова.