Жастар жылына бюджеттен 24,6 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда Жастар жылына орай республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы және грант саны белгілі болды.

жастар, Қазақстан
Фото Liter.kz

«18-29 жас аралығындағы азаматтарға 3 миллион теңге көлемінде 200 грант бөлінеді. Ол үшін «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасы аясында 600 миллион теңге қарастырылып отыр. Гранттар инновациялық, IT, тиімді және қажет бизнес жобаларды таныстырған жастарға бөлінеді. Бұл жастарға кәсіпкерлік ынтасын жоғарылатуға мүмкіндік беріп, мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жақсы start up бастауға мүмкіндік береді», -деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 9 мың мемлекеттік грант бөлу қарастырылып отырғаны айтылады. Вице-министр гранттардың «Бастау Бизнес» жобасындағы кәсіпкерлік негіздері курстарынан өткен қатысушыларға берілетінін айтты.

Дереккөз: Tengrinews.kz