Жас әнші Төреғали Төрәліге арнап ән шығарды

Төреғали Төрәлі мен Бота Хамит Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында бірге оқыған.

Төреғали Төрәлі
Төреғали Төрәлі. Фото ашық дереккөзден

Бота Хамиттің әніне Төреғали «таңғалмағанын», бірақ ұнатқанын жеткізді.

«Көңілін жаз, өзін мәз қылып, көңілді көтеру мақсатында адамға ән арнауды, болмаса, есімін арнауға қосуды өз басым қатты қолдаймын. Әншіге де ән арнап, топтардың да есімін талай әндерімізге қосып жүрміз. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында бірге оқыған Бота деген ботақан еді, «Төреғали Төреәлі» деген ән шыққанда мен «в шоке» болған жоқпын, бірақ «приятно» болды.

Әнін де Нұржігіт деген группаласым жазған. Негізі бәленің бәрі сөзінде ғой. Сөзін Рамазан жазған. Рамазан жазды деген сөз — Рамазан жазды деген сөз! Қалай болса да, маған арналған ән екен, рақмет!..» — деп жазды Төреғали Төрәлі Instagram парақшасына.