«Оян, қазақ» атты ән жарыққа шықты

Әннің сөзін айтыскер ақын Ринат Зайытов, әнін белгілі әнші Ұшқын Жамалбек жазған.

Ринат Зайытов
Фото ашық дереккөзден

«Оян, қазақ» әнін жас әнші Қуаныш Алтыбаев орындайды. Әннің мәтіні:

Жат қолында кетпеу үшін жағамыз,
Жауға олжа болмау үшін даламыз. 
Оян, қазақ, деп ұрандап қашанда
Сын сағатта атқа қонған бабамыз
Біз қалайша бүгін қалғып қаламыз!?

Оян, қазақ, оянатын күн туды,
Оян, қазақ, оят барлық жұртымды.
Оян, қазақ, оянбасаң болмайды 
Отан үшін ұйқыңды қи бір түнгі.

Азат өмір бастау үшін жаңадан, 
Табанымыз талай-талай қанаған. 
Ит өмірге иілмейтін ешқашан 
Қазақ деген сертке берік абадан 
Құл болам деп туған жоқпыз анадан.