Роза Рымбаеваға халықаралық сыйлық берілді

Халық әртісі Роза Рымбаеваға мәдениет және өнер саласы бойынша халықаралық сыйлық табыс етілді. Бұл сый осыған дейін Тото Кутуньо, Патрисия Каас сынды танымал әртістерге берілген.

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: Reactor.inform.kz

Салтанатты рәсім Киевте өтті. Жалпыұлттық бағдарламаның аясында үздік қатысушыларға «Жыл адамы» мәртебесі беріледі. Бұл шара Украинада осымен 23-ші мәрте өтті.

«Шығармашылығымның Украинада бағаланғаны үшін  бақыттымын. Тыңдарманым, оқырманым көп. Киевке келу мен үшін бақыт және әлі де көп келемін деп үміттенемін. Бүгінгі жоғарғы мәртебемді, жоғарғы сыйымды ақтауға, осында жиі келіп, өнеріммен қуантуға тырысамын.

Көбірек араласуға және адамдарға шынайы музыканы сыйлауға ұмтыламын. Музыка — біздің елдеріміздің, ұлттарымыздың арасындағы басты көпір. Себебі ол — рухани өмір», — дейді Роза Рымбаева.