Елімізде тыныштық күні жарияланды

Бүгін жасалған кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады.

жастар, Қазақстан
Фото Liter.kz

8 маусым Қазақстан президентінің сайлауы қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Полиция сайлауға байланысты 7 маусымнан 12-сіне дейін түгел күшейтілген қызметке көшті.

«9 маусым күні сайлау болады, патруль барлық жерде жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмылдырылады. Мұндай шара сайлау болған сайын қолға алынады», – деп түсіндірді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Президентті сайлау 9 маусым күні 07.00-20.00 аралығында болады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде сайлау учаскелерінде дауысты есептеу басталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.