Сайлау күні Red Bus автобустары тегін қызмет көрсетеді

Жазғы маусымның ашылуына және ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні Red Bus экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады.

Red bus, Нұр-Сұлтан
Фото: 24.kz

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, экскурсия AiLand (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүргізіледі. Бірінші рейс қазақ тілінде, екінші рейс орыс тілінде болады және алма-кезек ауысып отырады.

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақ бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

AiLand аялдамасынан жүру уақыты:

— сағат 10.00 (орыс тілінде);

— сағат 12.30 (қазақ тілінде);

— сағат 14.45 (орыс тілінде);

— сағат 17.15 (қазақ тілінде);

— сағат 19.30 (орыс тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» триумфал қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және AiLand (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:

— сағат 10.30 (қазақ тілінде);

— сағат 13.00 (орыс тілінде);

— сағат 15.15 (қазақ тілінде);

— сағат 17.45 (орыс тілінде);

— сағат 20.00 (қазақ тілінде).