Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығын иеленді

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» атаған иеленді. 

Самал Еслямова
Самал Еслямова. Фото: Sputniknews.kz

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.

«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», — деп жазды министр Facebook-тегі ресми парақшасына.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy — «азиялық Оскар» саналады.

«Бұл — өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.