Танымал вайнер Мейіржан Төребаев төртінші рет сәбилі болды

Белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есееваның отбасында ұл бала дүниеге келді. Сүйінші хабарды көпшілікке Мейіржанның өзі жеткізді. 

Мейіржан Төребаев, Дана Есеева
Мейіржан Төребаев, Дана Есеева. Фото жеке архивтен

«Бүгін 12 наурыз күні Дана босанды, ұл бала. Барлығыңызға алдын ала рақмет. Енді біздің үш ұл, бір қызымыз бар. Мұндай сый үшін Аллаға сансыз шүкір», — деді Мейіржан Төребаев.

Ата-анасы ұлына «Әміре» есімін берген. Дананың айтуынша, баланың кіндігін Мейіржанның өзі кескен.

«Перзентханаға сағат 18:10-да түстім, 35 минуттан кейін Әміре менің кеудемде жатты. Ең бастысы, менің Жаколям үлгеріп келді, төрт баламды ол менімен бірге босанды. Ал бүгін бірінші рет әрі кәсіби түрде баламыздың кіндігін кесті. Сол кезде көзіме жас келді. Осындай жарды кездестірген Аллаға рақмет айтамын», — деді Дана.