Тоқтар мен Бейбітке «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тағылды

Мәдениет және спорт министрлігі жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваға "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін табыстады.

Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы жұлдызды жұптың администраторы Бағлан Әуелбеков хабарлады.

«Құрметті Тоқтар Қадірұлы және Бейбіт Қуантайқызы! Сіздерді еңбектеріңіздің еленгені және бүгін тағылған төсбелгілеріңіз үшін шын жүректен құттықтаймын. Қазақ өнеріне жасаған қызметтеріңізге мың алғыс», — деп жазды Бағлан Әуелбеков.

Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, төсбелгі
Фото жеке архивінен