Төреғали Төрәлі ұлды болды

Әнші Төреғали Төрәлі үш қыздан кейін ұлды болғанын хабарлап, халықтан сүйінші сұрады.

Төреғали Төрәлі, Толқын Тұрарбекқызы
Төреғали Төрәлі мен жары Толқын Тұрарбекқызы. Фото жеке архивтен

Төреғали Төрәлі Instagram парақшасында қуанышын бөлісіп, өлең жолдарын арнады. Кейін ұлының есімін атасы «өзі төре, жүзі нұрлы болсын» деген ниетпен Төренұр қойғанын хабарлады.

«Ұл әкеп дүниеге жан жарымыз,
Жарқырап кеткендей ме жан-жағымыз?!
Бұрын үйде орамал, көйлек көп ед,
Көбейетін болды ғой шалбарымыз.
Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде «ұлды бол» деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінеки, орындалды арманымыз.
Халайық, баршаңызға раxмет,
Не деген жайдары еді жандарыңыз.
Алақайлап сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!, —  деп жазды Төреғали Төрәлі.