«Қазақша бизнестің» төртінші бөліміне голливуд жұлдыздары түспек

Кинокартина Love is атты романтикалық комедия болады.

қазақша бизнес, Нұрлан Қоянбаев
Фото ашық дереккөзден

«Көрермендерге ұнасын деп, голливудтың А классындағы топ жұлдызбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Фильмнің дәстүрі бойынша бұл жолы да шетелде түсіріледі. Оған Корея, Индия және Еуропа мемлекеттерінің бірі таңдалмақ.

«Киноиндустрияда әзірге жеңімпаз деп айтуға болады. Қазір деген көп әріптестеріміз енді бір-бірінен сұрайды ғой бірінші орында қай кино деп сонда по-казахски дейді. Оның өзі маған жеңіс», — дейді Нұрлан Қоянбаев.

«Басында бұл кинода продюсер ғана боламын деп шешкен едім, өйткені роль маған сәйкес келмеді. Екі актерға ұсыныс жасадық, бірақ олардың ақпан айында жобалары болды. Олар біздің киномызға түсе алмайтын болған соң барлығымыз келісіп, рольді өзім алып шығатын болдым», — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Ол фильмді түсірмес бұрыс Кореяға әріптестерімен тәжірибе алмасуға барған.

«Кореяда киноиндустрия өте жақсы дамыған деп айта аламыз. Өйткені телехикаялар түсіре алады. Оны тек өздері емес, бүкіл әлем көріп жатыр. Қалай түсіреді, музыкамен қалай айналысады, әртістермен, сценариймен қалай жұмыс істейтінін білуге, тәжірибе алмасуға бардық», — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Дереккөз: «Ревю» бағдарламасы