Қайрат Нұртастың жанұясы бес баласынан көз жазған ата-анаға көңіл айтты (видео)

Қажылықта жүрген Қайрат Нұртастың отбасы өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасына көңіл айтты деп жазады NUR.KZ.

https://www.instagram.com/p/BtgdzyGlXjG/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

Әкесі мен анасын, жұбайын жанына алған әнші орны толмас қазаға өкініш білдіріп, бүлдіршіндердің туыстарын бекем болуға шақырды.

«Кеше марқұм болған бес сәбиімізді Алла панасына алсын! Шынымен де қазақ үшін орны толмас қаза болды. Менің атымнан және отбасымыздың атынан көңіл айтамыз! Ата-анасына Алла тағала сабыр берсін», — деп видео жолдады әнші.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын алабында өрт шыққан болатын. Өртті сөндіру кезінде 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес баланың денесі табылған. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмағаны анықталды.

Бұл қайғылы оқиғадан соң қала әкімі шұғыл кеңес өткізді. Қайғылы орын алмас бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үйдің қауіпті екенін ескерткен.

Қайғылы жағдайға қатысты Ішкі істер вице-министрі жауап берді.

5 қаңтар күні халық апалы-сіңлілі қыздарды жер қойнына тапсырды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайғылы жағдайға душар болған отбасыға көңіл айтты.