Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке — бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар. Көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайды.

Наурыз — рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев