Әнші Ердос Қанаевтың бала тәрбиесіндегі ұстанымы

"Жігіттер" квартетінің әншісі әлеуметтік желідегі парақшасына ұлы мен қызының фотосын жүктеп, бала тәрбиесі жайында сөз қозғады. Ол ұлға қарағанда қыз балаға көбірек көңіл бөлу қажетін екенін жеткізді.

Ердос Қанаев, балалары
Фото әншінің жеке архивінен

Ердос Қанаев тәжік жазушының оқиғасын баяндап, оны бала тәрбиесіндегі ұстанымы екенін көрсетті.

«Белгілі тәжік жазушысы Садриддин Айнидың ұлы мен қызы заманында Мәскеудің элита ортасында оқыған. Жазушы әр ай сайын ұлына аздау, қызына көптеу етіп ақша салып тұрады екен. Пошта қызметшісі оның осы әрекетіне бірнеше рет куә болып, бір күні: «Екеуі де өз перзеттеріңіз болса, неге тең дәрежеде де ақша салмайсыз?» — деп сұрапты. Сонда жазушы: «Ұл баланы тоқшылық бұзады, сол үшін аздау ақша саламын. Қыз баланы жоқшылық бұзады, сол үшін көптеу ақша саламын»,  — деген екен. Түсінген адамға өте керемет ақыл», — деп жазды Ердос Қанаев.