Star of Asia 2019. Фестиваль қалай өтті?

Халықаралық музыка фестивалі екі күн бойы 118 елде трансляцияланды. 

Star of Asia 2019, Алматы
Nazima. Фото: Дарын Шөкенов/Iligai.kz

Star of Asia музыкалық фестивалі – жыл сайын өтетін халықаралық шара. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, Қытай, Жапония, Әзірбайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдердің танымал артистері өнер көрсетеді.

Фестивальдің бірінші күнінің хедлайнері Ninety One тобы болды. 15 маусымда қала тұрғындары үшін Тайланд артисі Golf Pitchaya және Outlandish тобы өнер көрсетті.

Фестивальдің екінші күні МОТ, Dan Balan, НАZИМА сияқты орындаушылардың өнер көрсетуімен есте қалды. Фестивальдің 2-ші күнінің хедлайнері Оңтүстік Кореядан келген танымал K-POP Pentagon тобы болды.