The Spirit of Eurasia. Этникалық музыка фестивалінің өтетін күні белгілі болды

Қазақстан астанасының басты open-air алаңының сахнасында әлемнің 14 елінен 13 ұжым EthnoWorld жанрында өнер көрсетеді. Сахнада түрлі халықтың, тіл мен құрлықтың мәдениеті көрсетіледі.

The Spirit of Eurasia, этникалық музыка
Фото: Inform.kz

5-6 шілдеде Нұр-Сұлтанда The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді.

Фестиваль Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі open-air алаңына айналған «Бәйтерек» монументі алдында болады. Концерт жұма, сенбі күндері сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін.

The Spirit of Eurasia — The Spirit of Astana фестивалінің жетілдірілген түрі. Ол бүкіл Еуразия құрлығынан әртістерді жинап, шараның географиясын кеңейткен. Kонцептуал шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді.  Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақ үйі қарсы алады.