The World’s Best: Димаш Құдайберген Америка жұртын да таңдандырды (видео)

Димаш Құдайберген
Фото ашық дереккөзден

The World’s Best американ шоуының YouTube-тегі ресми каналында Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсеткен сәті шықты.

Димаш Құдайберген Қытайдағы I’m A Singer шоуында атын шығарған S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындады.

Бұл жолы әділ қазылар мен сарапшылар орындарын тік тұрып ән тыңдап, қазақ әншісі өнер көрсетіп болған соң, ұзақ уақыт қошемет білдірді.

«Сен — The World’s Best шоуының құрылуына себепшісің», — деді әділ қазы алқаларының бірі. актер және тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз.

Әділ қазылардың бірі актриса Дрю Бэрриморда де таңданысын жасыра алмады.

Айта кетсек, бұл шоуға Димаштан бөлек отандық дарынды әнші Данэлия Тулешова да қатысып жатыр.

Қазақстандық әншілер өнер көрсеткен түсірілім 7 ақпан күні эфирге шығады.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген The World’s Best шоуы оның соңғы қатысатын байқауы екенін мәлімдеген болатын.